Радиоактив Уран сатпақ болғандар сотталды

Радиоактив Уран сатпақ болғандар сотталды
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде сот екі тұрғынды және Шымкенттің бір тұрғынын радиоактив уранды сатқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап хабарлады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, өзбекстандық заңсыз жолмен салмағы 958,7 грамм болатын таусылған уран сатып алған. Кейін ол Шымкентте тұратын танысы Рудольфқа, ал Рудольф Ақтөбеде тұратын таныстары Қонысбай мен Еркінге айтқан. Олар өз орталарынан уран сатып алушыларды іздей бастаған.

Қыркүйекте өзбекстандық таусылған уранды Рудольфқа берген, ал ол "тауарды" Еркін мен Қонысбайға табыстаған. Олар уранды Chevrolet Tracker көлігінің жүксалғышында Шымкенттен Ақтөбеге алып келген.

ҰҚК арнайы қызмет қылмыскерлерді ұстау үшін жалған сатып алушыны араластырған. Оған 500 мың доллардан сәл асатын сомадағы жалған ақша берілген. Сол "сатып алушы" уран сатушыларымен қала сыртындағы орман алқабында кездескен.

ҰҚК жүргізген арнайы операция нәтижесінде Шымкент тұрғыны және екі ақтөбелік ұсталды. Тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, қорытынды бойынша оның радиоактив материалдан жасалғаны және таусылған уран екені анықталған. Үшеуі де сотта кінәларын мойындаған.

Сот екі ақтөбелікті уран сатқані үшін 2 жылға бас бостандығынан айырды. Ал Шымкенттегі сыбайласы бұрын сотталған болғандықтан 6 айға артық жаза алды. Сот үкімі бойынша уран жойылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget