Ірі мөлшерде пара алған: Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья сотталды

Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы мен судья сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰҚК мәліметінше, 18 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіқалықов пен судья С.Бертайға сот үкімі шығып, оларға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

"Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігі 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Биыл қаңтарда ҰҚК оларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ұстаған болатын", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!