Атырауда полицейлер төленбеген айыппұлдары бар екі жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 қарашада патрульдік полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақты патрульдеу барысында төленбеген айыппұлдары бар екі көлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында Volkswagen Jetta көлігінің жүргізушісінің 455 848 теңге көлеміндегі 16 айыппұлы, Toyota Estima маркалы көліктің жүргізушісінің 3 төленбеген айыппұлы бары белгілі болды.
Жүргізушілердің екеуі де көлік жүргізу құқығынан айырылған.
"Toyota Estima көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне және Volkswagen Jetta көлігінің 20 жастағы жүргізушісіне әкімшілік хаттамалар толтырылып, көліктер арнайы тұраққа жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Іс құжаттары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.
Полиция көлік жүргізушілеріне айыппұлдарын уақытында төлеуді және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында жүргізуші желідегі видеосынан кейін айыппұл арқалады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!