- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- алаяқтық дерегі туралы
Ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық сотталды
Астанада атышулы алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 қарашадағы үкімі бойынша Я. алаяқтықтың 5 эпизоды бойынша кінәлі деп танылған. Ол 2024 жылғы 16 наурыз бен 10 маусым аралығында кепілді көліктерді сатып алу және нарықтағы бағадан төмен бағамен беремін деген сылтаумен жалпы сомасы 20 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырған (ҚК 190-бабы 3-бөлінің 1,4-тармақтары).
"Сотталған адам 3 жәбірленушіге келтірілген залал сомасы ірі мөлшерде емес және арыздар заңсыз тіркелген деп, үкімге апелляциялық шағым түсіріп, жазаны жеңілдетуді сұрады. Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды", - деп жазылған хабарламада.
Я-ға қатысты қылмыстық істі бірінші сатыдағы сот қысқартылған тәртіппен қараған, себебі ол соталды тергеп-тексеру барысында да, сотта да өз кінәсін мойындаған. Іс бойынша дәлелдерге, сондай-ақ залал сомасына дау айтпаған.
"Тергеп-тексеру барысында заң талаптарын бұзуға жол берілмеген, сот жәбірленушіге келтірілген залалдың сомасын өтеу жөнінде шаралар қабылдамағанын ескере отырып, әділ және іс-әрекетіне мөлшерлес жаза тағайындады", - деп жазылған хабарламада.
Сот актілері заңды күшіне енді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова