Qazaq Stroy компаниясы жасанды интеллектіні іске қосуда

Qazaq Stroy компаниясы жасанды интеллектіні іске қосуда

"Qazaq Stroy" компаниясы жасанды шетелдік интеллект университетімен бірлесе отырып, жасанды интеллектті пайдалану арқылы құжаттардан, оның ішінде тауарлық жүкқұжаттардан ақпаратты автоматты түрде тануға негізделген жаңа жобаны іске асыруды бастады.  Жасанды интеллект бизнестің әртүрлі салаларында сұранысқа ие болуда  және оның мүмкіндіктерін бизнес-процестерді оңтайландыру және құжаттамамен жұмыс істеу үшін пайдалану дамудың негізгі мақсаты болып табылады. 

"Мұндай жобаларда жасанды интеллектті пайдалану еңбек шығындарын азайтып қана қоймай, компания үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл бизнес-процестерді оңтайландыруға, деректерді өңдеу сапасын жақсартуға және ақпаратты дұрыс есепке алуға мүмкіндік береді. Біздің компания нарықта  жоғары тиімділік пен бәсекеге қабілеттілік үшін озық технологияларды белсенді енгізуде", - деді Qazaq Stroy компаниясының директоры Болат Ибрагимұлы.

Автоматты тану жүйесінің арқасында сканерленген құжаттардан ақпаратты жылдам және дәл алу мүмкін болады.  Бұл жұмыс тиімділігін арттырады және деректерді қолмен енгізіп отырудың қажеті жоқ болады. Нейрондық желілер негізінде қажетті ақпаратты жоғары дәлдікпен анықтауға және алуға қабілетті жүйе құрылды. Сонымен қатар, жоба нейрондық желі моделін жаңа деректерде одан әрі оңтайландыру және оқыту мүмкіндігін қарастырады, бұл тану дәлдігін арттыруға және жүйені құжаттардың құрылымы мен форматындағы өзгерістерге бейімдеуге мүмкіндік береді.

"Жасанды интеллектті енгізу жолында 100% кедергілер бар. Сонымен қатар, бізге түсіп жатқан тапсырыстардан, студенттердің сұраныстарынан жасанды  интеллектке деген қызығушылық артып келе жатқанын байқаймыз. Жасанды интеллект болашақта үлкен сұранысқа ме болатынын байқай отыра, ерте ме, кеш пе еліміздегі компаниялардың пайдаланатынына сенімдіміз. Қазірден бастап жасанды интеллекті пайдалануға кіріске дұрыс, сонда сіздің компанияңыз бәсекеге қабілетті, заманауи компаниялардың бірі болары анық", - деп атап өтті жасанды интеллект университетінің өкілі Дмитрий Романов.

Павел Белоус пен Виктор Ткачевтің жетекшілігімен "тауарлық жүкқұжат құжатының өрістерін тану" жобасын әзірлеушілер тобы үшін бұл қазірдің өзінде практикалық түрде іске асырылған сәтті жобалардың бірі.

"Qazaq Stroy" компаниясы ұсынған материал

Massaget.kz