- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Qazaq Stroy компаниясы...
Qazaq Stroy компаниясы Алматы тұрғындарына кесілген ағаштар жөнінде түсіндірді
Qazaq Stroy құрылыс компаниясының директоры Болат Ибрагимұлы Алматы қаласы Алатау ауданы, Дарабоз ықшамауданындағы тұрғын үй кешені құрылысының аумағындағы ағаштарды кесу жөнінде мәлімдеме жасады.
"Біз осы қалада туып өстік және біздің іс-әрекеттеріміз қоғамда жағымсыздық тудырғаны өте өкінішті. Осы мәселе жөнінде түсіндіріп өтсем деймін. 2023 жылдың мамыр айында осы жер учаскесін сатып алғаннан кейін тұрғындармен үнемі кездесіп, келіссөздер жүргізіп отырдық. Тұрғындар бірнеше мәселелерді көтерді. Оның ішінде, қоқыс толы, жаяу жүргіншілер жолы, жарықтандыру жоқ. Сонымен қатар, бұл жерде жүру қауіпті болды. Себебі, мұнда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жиналып, қаңғыбас иттердің үйірлері кезіп жүрді. Ағаш кесілген жерде ешқашан саябақ болған емес, тек жабайы өсінділер болған. Сондықтан бастапқыда біз өз жобамызда заманауи саябақ салуды қарастырдық", - деді Болат Ибрагимұлы.
Құрылыс салушының айтуынша, саябаққа ағаштар отырғызылады, олардың арасында Қызыл кітапқа енген ағаш түрлері де болады. Сонымен бірге, көгалдар төселіп, сыртқы жарықтандыру, суару жүйелері орнатылады және жаяу жүргіншілер жолдары жасалады. Демалыс және воркаут алаңдары бар көпфункционалды спорт аймағы жабдықталады.
"Жалпы айтқанда, мұнда тұрғындарымыз өз отбасымен демалып, уақыт өткізетін заманауи саябақ жасалады. Жұмысты бастамас бұрын мамандандырылған компания осы учаскедегі ағаштарды санап, тұқымды зерттеді. 2979 ағаш шықты. Оның ішінде 182 ағашты қайта отырғызуға, ал 2797 ағашты кесуге рұқсат алдық. Мұның бәрін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жасадық және барлық қажет құжаттарды алдық. Өтемақы заң бойынша кесілген 1 ағашқа 10 ағаш отырғызылу қажет. Сондықтан биыл барлығы 27 970 ағаш отырғызамыз. Ең алдымен, біз жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің аумағында, содан кейін бүкіл қалада отырғызуды бастаймыз", - деп толықтырды құрылыс компаниясының директоры.
Qazaq Stroy ағаш түрлерін зерттеп, оларды санап, рұқсат құжаттарын алғаннан кейін ғана кесуге кіріскенін айтты. Алатау ауданындағы Дарабоз ықшамауданында тұрғын үй кешенінің құрылысынан және саябақтан бөлек 1200 орындық мемлекеттік мектеп, мектепке дейінгі мекеме, зейнеткерлерге арналған демалыс орталығы салынады.
Qazaq Stroy ұсынған материал
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz