Qazaq Air әуе компаниясының билеттері қанша тұрады?

Qazaq Air әуе компаниясының билеттері қанша тұрады?
Фото: tn.kz

Qazaq Air әуе компаниясы рейстеріндегі билеттердің бағасы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы - Астана бағытындағы алғашқы рейс 2015 жылдың 27 тамызында ұшырылады. Ұшақтар келесі бағыттар бойынша ұшады: Алматы - Астана - күнделікті, билет құны бір бағытқа 10495 теңге; Алматы - Павлодар - аптасына 3 рейс (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма), билет құны бір бағытқа 10916 теңге; Алматы - Шымкент - аптасына 4 рейс (дүйсенбі, сейсенбі, сенбі, жексенбі, билет құны бір бағытқа 10495 теңге; Шымкент - Павлодар - аптасына 2 рейс (сейсенбі, жексенбі), билет құны бір бағытқа 14857 теңге; Шымкент - Қызылорда - аптасына 2 рейс (дүйсенбі, сенбі, билет құны бір бағытқа 8556 теңге.

2015 жылдың 14 тамызынан бастап Qazaq Air әуе компаниясы www.flyqazaq.com сайты, кеңселері мен әуе агенттіктері арқылы билеттерді сата бастайды. 

Қазір әуе компаниясының флотында Bombardier Q400 NextGen турбиналы-винтті екі ұшағы бар, үшіншісі тамыздың соңына дейін келеді деп күтіліп отыр.

Компания келесі рейстер бойынша бағыттар санын көбейтуді жоспарлады: Алматы - Қостанай; Шымкент - Ақтөбе; Ақтөбе - Қостанай; Ақтөбе - Атырау.

Qazaq Air әуе компаниясының таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Дегенмен алғашқы рейс рұқсат етілгені туралы құжаттардың болмауынан кейінге қалдырылды. 6 тамызда компания әуе тасымалына рұқсат ететін сертификатты алды.

М. Бисембаева