- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Qazaq Air" әуе...
"Qazaq Air" әуе компаниясына қатысты тексеріс жүргізілді
"Qazaq Air" әуе компаниясына қатысты тексеріс жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Qazaq Air" әуе компаниясының Астана-Талдықорған бағыты бойынша IQ-429 рейсіне қатысты 27 желтоқсандағы "Qazaq Air" әуе компаниясының рейстерді уақтылы орындау және көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты жолаушылар тарапынан өтініштердің артуына байланысты "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ авиациялық инспекторлары 2023 жылғы 27 желтоқсанда сағат 11-00-де Астана-Талдықорған бағыты бойынша IQ -429 рейсі жоспарланған, тіркеу нөмірі "UP-DH005", "Bombardier-Q400" әуе кемесіне жоспардан тыс жедел перрондық тексеру жүргізді. Бұл рейс ауа-райына байланысты сағат 14-30-ға дейін кешіктіріліп, кейін әуе кемесіндегі техникалық ақауға байланысты тоқтатылды.
Ұшуды күту кезде жолаушыларға алкогольсіз сусындар берілді.
Рейстің тоқтатылуына байланысты барлық жолаушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әуе билеттерінің құнын толық қайтаруды немесе алдағы күндерге қайта брондауды ресімдеу ұсынылды.
22 жолаушының билеттері 2023 жылғы 28 желтоқсанда Астана – Алматы бағыты бойынша қайта брондалды, 5 жолаушының билеттері 2023 жылғы 29 желтоқсанда Астана – Алматы бағыты бойынша рейске қайта брондалды.
Тексеру барысында авиациялық инспекторлармен рульдеу кезінде әуе винтінің жылыту жүйесінің ақауы анықталды. Анықталған ақаулар жойылғаннан кейін әуе кемесі ұшуға жіберілді. Осыған байланысты, әуе кемесі 2023 жылғы 27 желтоқсанда сағат 19-52-де Астана-Петропавл бағыты бойынша IQ – 437 рейсін орындады.
Сонымен қатар, жақын арада әуе компанияның ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ұшулардың жүйелілігін бақылау тұрғысынан әуе компанияға кешенді тексеру жүргізу жоспарлануда.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина