- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Пышақтың жүзі арқасында...
"Пышақтың жүзі арқасында қалған". Хромтаулық ер адам әйелін әріптестерінің көзінше бірнеше жерінен пышақтап тастаған
Ақтөбе облысы Хромтау қаласында ер адам банкте жұмыс істейтін әйеліне келіп, шабуыл жасаған. Ер адам банкте кеңесші болып жұмыс істейтін әйелінің кеудесінен және арқасынан пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.
Ер адам жантүршігерлік әрекетін жасаған кезде пышақтың жүзі әйелдің арқасында қалып қойған. Онымен қоймай күйеуі әйелін жұдырығымен басынан және денесінен ұрып тастап, артынан қашып кеткен. Оқиғаның бәрі әйелдің әріптестерінің көзінше болған. Артынша әйел адам ауруханаға жеткізілген.
Әйеліне шабуыл жасаған ер адам кісі өлтіруге оқталмақ болғаны үшін айыпталушы ретінде сот алдында жауап берген. Жәбірленуші әйелдің сөзінше, олардың ортақ баласы барын, күйеуі ішімдік ішіп, есірткі шегіп, оны және анасын өлтіретінін айтып қорқытқан. Жәбірленуші күйеуіне кешірім бермей, соттан оны бас бостандығынан айыруды сұраған.
Айыпталушы әйелін өлтіру ойында болмағанын айтқан. Оның сөзінше, ол, керісінше, отбасын сақтап қалмақ болған. Сот талқылауы барысында прокурор айыптауды кісі өлтіруге оқталу бабын "Бұзақылық" бабының пышақ қолдану арқылы денсаулыққа зиян келтіру бабына өзгерткен.
Сот айыпталушыны 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина