- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Пышақтап, өртеп жіберуге...
"Пышақтап, өртеп жіберуге тырысқан": Ақтауда жантүршігерлік кісі өлімі болған
Ақтаудағы 14-шағынауданда бүгін түнде жантүршігерлік оқиға болды. Өрт туралы шақыруға келген Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жанып жатқан пәтерден әйелдің денесін тапты. Полиция жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, қайтыс болған адамның аты Парахат болған. 1972 жылы туған әйел тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрған. Көршілерінің пікірінше, әйелмен бірге тұрған адам ұсталған.
"Бәріміз таңғы сағат 5.10-да сыртқа шықтық. Бұл кезде полиция да, өртсөндірушілер де келген еді. Құтқарушыларды көршілер шақырды. Менің білуімше, оны өлтірген адамды полиция 9-қабатта ұстады", - дейді марқұмның көршілерінің бірі.
Тұрғындарының айтуынша, әйелді пышақтап, содан кейін пәтерді өртеуге тырысқан.
"Өртсөндірушілер тез келіп, сөндірді. ...Қорқынышты. Өте қорқынышты", - деді көршілердің бірі.
Полиция департаменті өкілі жағдайды түсіндірді.
"Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова