Өзбекстанда кәмелетке толмаған немере інісін зорлаған ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
NeMolchi.uz мәліметінше, былтыр қарашада 48 жастағы ер адам дүкенде екі бөтелке ішімдік ішкен. Кейін ол сыныптастарымен бірге мектептен қайтып келе жатқан 1-сыныпта оқитын немере інісін көрген. Ол сегіз жастағы баланы өзіне шақырып алып, дүкеннен тәттілер сатып алып, үйіне шақырып, кейін ата-анасына апарамын деп уәде берген.
Үйде ол баланы бөлмелердің біріне кіргізіп, есікті жауып, екі кәмпит берген. Кейін ер адам шешініп, балаға пышағын көрсеті, болған оқиғаны біреуге айтсаң, өлтіремін деп қорқытқан.
Баланың анасы бірінші болып дабыл қаққан: ол сыныптастарының сабақтан келгенін, бірақ ұлы келмегенін байқаған. Балалармен сөйлескеннен кейін ол туысы баланы алып кеткенін білген.
Оқиға орнына жеткен әкесі мен бірнеше ер адам жалаңаш күйде тұрған туысы мен шалбарын төмен түсіріп жылап тұрған баланы көрген. Ер адам кінәсін мойындамады. Ол баланың өзі ер адамның үйіне келгісі келетінін, мас болған соң киімін былғап алғанын, сол себепті жалаңаш болғанын түсіндірмек болған.
Сот-психологиялық сараптама кәмелетке толмаған жәбірленушінің куәгер бола алатынын растады.
2023 жылғы 31 мамырда Қашқадария аудандарының бірінің соты ер адамның кінәсі толығымен дәлелденді деген қорытындыға келді. Ер адам 119-баптың 4-бөлігі (14 жасқа толмаған адамға қатысты жыныстық қажеттілікті күштеп қанағаттандыру) бойынша 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!