- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Пышақтап, қашып кеткен"....
"Пышақтап, қашып кеткен". Алматыда қызғаныштан туған жанжал адам өлімімен аяқталды
Фото:
news.myseldon.com/көрнекі сурет
Алматы полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен.
"Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан