Алматыда зейнеткерге шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс материалдарындағы мәлімет бойынша, Қарасу ықшам ауданында әйелді қорғауға тырысқан егде жастағы ер адамды белгісіз біреу пышақтап, әмиянын алып кеткен.
"Бірнеше күн бойы жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан жәбірленуші түсінік бере алмады. Біз оның денсаулығына және тергеу бұл қылмысты "ізін суытпай" ашуға болатын алтын уақытты өткізіп алған болуы мүмкін деп алаңдадық. Жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында күдікті ұсталып, қамауға алынды", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев.
Зардап шеккен зейнеткердің туыстары полицейлерге алғыс айтты.
"Жетісу аудандық ПБ мен ПД-ның қызметкерлері Құмарбек Кеншінбаев, Жәнібек Құдайбергенов, Мәулет Өмірбаев, Олжас Тікей, Әнуар Ақабеков, Қуаныш Ақманбетов және А.Алмастың кәсіби және адамгершілік қасиеттері жайлы Алматы полициясының басшылығына айтуды өзімнің азаматтық борышым деп санаймын. Сіздің қол астыңыздағы қызметкерлеріңіздің арасында осындай полиция қызметкерлерінің көп болуын шын жүректен тілеймін", - дейді зейнеткердің туыстары.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!