- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Пышақ сұққан". Қызылордада...
"Пышақ сұққан". Қызылордада жоғары сынып оқушыларының арасында жанжал шықты
Қызылордада қала мектептерінің бірінің 11-сынып оқушысы басқа сынып оқушысын пышақ сұққан. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оған үйіне қайтуға рұқсат етілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 4 сәуірде болған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, оқушылар арасында жанжал шығып, салдарынан кәмелетке толмағандардың бірі екіншісін пышақтап кеткен.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркеліп, тиіс сараптамалар тағайындалды. Күдікті жасөспірім Қызылорда полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.
Облыстық көпсалалы балалар ауруруханысында жеткіншек қабылдау кезінде барлық қажет тексерулерден өткені айтылды.
"Ол иық, кеуде және жамбас тұсынан пышақ жарақатын алған. Жаралар емделді, кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деді аурухана дәрігері.
Бұл оқиғаға қалалық білім бөлімі де түсініктеме берді.
"Ондай пышақ жарақаты болмаған, өйткені металл заттардан жарақат алған. Осыған байланысты қалалық білім бөлімінен жұмыс тобы құрылды. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл іске кінәлілер тәртіптік жазаға тартылады", - деді қалалық білім бөлімінің бас маманы Самат Күнхожаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек