Пышақ, кастет: Алматы метросында 70-тен аса қару тәркіленген

Пышақ, кастет: Алматы метросында 70-тен аса қару тәркіленген
Фото: Коллаж: Tengrinews.kz, depositphotos.com

Алматы полициясы метродағы қауіпсіздік мәселесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әр бекетте полиция пункттері орналасқан, онда қызметкерлер тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Полиция пункттерінде кезекші наряд сеніп тапсырылған аумақты аралап, аумақтарды бейнебақылауды жүзеге асырады. Барлық тәртіп сақшылары сияқты "жерасты" полицейлері де заңбұзушылықтар анықталса, дер кезінде шара қолданады. Сондай-ақ күнделікті жасақ құрамына қызметтік-іздестіру иттері бар полиция кинологтары кіреді, олар жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін электр пойыздарын, метро станцияларының қызметтік ғимараттарын және қоймаларды тексереді", - деді, Метрополитендегі полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұржан Таңатаров.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Спикердің айтуынша, биылғы жылы Алматы метросында 70-тен аса пышақ, кастет және басқа да қарулар тәркіленген. 

Сондай-ақ есірткіні сақтаудың 13 дерегінің жолы кесілді.

Анықтама үшін: Алматы метросы он бір станциядан тұрады, ұзындығы 16 шаршы метр: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Әуезов атындағы драма театры, "Алатау", "Сайран", "Мәскеу", "Сарыарқа" және "Момышұлы". 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек