Әлеуметтік желіде Алматыда жол бойында төбелескен жүргізушілердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамдардың бірі пышақ алып шыққан. Жүргізушілер арасындағы қақтығыс базар маңында болған.
Қалалық Полиция департаменті бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғаған.
"Бұл оқиғаға қатысқандар анықталды, олар ұсталады. Тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылданады", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз