Путинцева қытайлық теннисшіден есе қайтарып, US Open үшінші айналымына шықты

Путинцева қытайлық теннисшіден есе қайтарып, US Open үшінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (№32) Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан US Open 2024 турниріндегі екінші кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 1/32 финалдық кезеңде қытайлық Синью Вангпен (№40) кездесіп, 6:1, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.

Матч екі сағат сегіз минутқа созылды. Путинцева ойын кезінде бір эйс пен екі қос қателік жасады.

Айта кетейік, Путинцева бұған дейін Ванмен үш рет кездесіп, бәрінде ұтылған еді. Осылайша, ол есе қайтарып, реванш жасады.

Путинцеваның келесі қарсыласы - әлемінің бесінші ракеткасы, италиялық теннисші Жасмин Паолини.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан