Путиннің баспасөз хатшысы Ресей президентінің денсаулығын айтты

Путиннің баспасөз хатшысы Ресей президентінің денсаулығын айтты
Фото: ©REUTERS

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулығына қатысты ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Оның денсаулығы жақсы. Америкалық және ұлыбританиялық, сондай-ақ, украиналық ақпарат "сарапшылары" кейінгі айларда президенттің денсаулығы туралы түрлі "өсек-аяң" таратып жатқанын білесіздер. Бұл "өсек-аяңнан" басқа ештеңе емес. Біз бұл туралы айтып жүрміз", - деді Песков.

Бұл ретте АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс Ресей басшысының денсаулық жағдайын "сап-сау" деп бағалады.

"Президент Путиннің денсаулығына қатысты көптеген қауесет бар. Бірақ біздің білуімізше, ол сап-сау. Бұл - барлау қызметінің бейресми бағалауы", - деп келтіреді агенттік Бернстің Аспен форумында сөйлеген сөзін.

19 шілдеде Владимир Путин жұмыс сапарымен Иран астанасы Тегеранға барды. Батыс ақпарат құралдары Ресей президенті журналистердің сұрағына жауап беру кезінде жиі жөтелгеніне назар аударған.

Кейінірек Владимир Путин Тегерандағы аптап пен желдеткішке шағымданған. Президенттің баспасөз хатшысы да Иранға сапары кезінде желдеткіш астында дауысы қарлығып қалғанын айтты.

"Желдеткішке келетін болсақ, иә, шынында да, ыстық, көшеде 40 градус, желдеткіш астында салқын, дауысым қарлығып, менде де солай болды. Делегациядағы басқаларды білмеймін, бірақ мұндай болады, бәрі жақсы", - деді Дмитрий Песков.

Ж. Қадыржанова