- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Путинге қастандық жасалмақ...
Путинге қастандық жасалмақ болған - БАҚ
Кремль Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасалмақ болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
РИА Новости мәліметінше, Киев түнде Путиннің Кремльдегі резиденциясына ұшқышсыз соққы жасаған.
"Әскери және арнайы қызметтердің әрекеттері нәтижесінде аппараттар істен шығарылды", - делінген БАҚ мәліметінде.
Кремль бұл әрекеттерді 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында жоспарланған террористік акция және президентке жасалған қастандық деп санайды.
Сонымен қатар, шабуыл нәтижесінде Ресей президенті Владимир Путин зардап шекпегені, оның жұмыс кестесі өзгермегені, әдеттегідей жалғасып жатқаны айтылды.
Ал Украина тарапы бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова