- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Путинді жақсы көремін"....
"Путинді жақсы көремін". Ақтөбе тұрғыны облыстың Ресей құрамына өтуін жақтады
Желіде Ақтөбе тұрғыны Ақтөбе облысының Ресей Федерациясына қосылу идеясын қолдаған видеосы тарады. Кейін әйел Қазақстан халқынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода әйел президент Владимир Путинге қатысты сұраққа жауап береді.
"Менің жеке пікірім, мен оны жақсы көремін, құрметтеймін. Менің ойымша, ол - әлемдегі ең мықты президент, адам. Көзіме жас келеді, мен оны қатты жақсы көремін және құрметтеймін", - деп жауап берді ол.
Ақтөбелік тұрғын Ақтөбе облысын Ресей Федерациясына қосу туралы референдум өтсе, бірден "оң" дауыс беретінін айтқан.
Облыстық полиция департаменті өкілдері Massaget.kz редакциясына берген жауабында видео 2023 жылғы жазда түсірілгенін айтты.
"Видеоның кейіпкері Ақтөбенің 68 жастағы тұрғыны екені анықталды, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді полицейлер.
Кейін желіде әйелдің Қазақстан халқына үндеу жасап, кешірім сұраған видеосы пайда болды.
"Қазір бүкіл желіде тарап жатқан видео үшін кешірім сұраймын. Бұл видео үшін қатты өкінемін, мен, әрине, соғысқа да, референдумға да қарсымын. Мен Қазақстанымды сүйемін, бұл - менің Отаным, бұл - менің елім, мен балаларымды осында дүниеге әкелдім, немерелерім осында дүниеге келді. Біз мұнда тұрамыз, бізде бәрі бар. Бұл видео үшін тағы да кешірім сұраймын. Өйткені мен арандатушылыққа бой алдырдым және ойланбастан жауап бердім. "Бұл бейнені кім таратса да, бұл үшін қатты өкінемін", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек