Ресей президенті Владимир Путин Украина басшысы Владимир Зеленскиймен қандай жағдайда кездесуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Путин Зеленскиймен кездесу туралы сұраққа жауап беріп, Украина қол жеткізілген келісімдерді орындаудан бас тартып отырғанын, Киевте оларды орындауға ниет те жоғын айтты.
"Сол шарттарды орындау үшін (кездесу үшін) біздің әскер Украина орталығынан, Киевтен кетті. Киев билігі қол жеткізілген келісімдерді орындаудан бас тартты. Сондықтан нәтиже арадағы делдалдарға байланысты емес. Нәтиже келісуші тараптардың қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау ниетіне байланысты. Ал біз бүгінде Киев билігінде ондай ниет жоғын байқап отырмыз", - деді Путин журналистерге.