Федералды арналар Владимир Путиннің үндеуін таратуды бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үндеуде РФ басшысы Ресейде ішінара жұмылдыру туралы жариялады.
"Мен Ресей Федерациясында ішінара мобилизациялау туралы ұсынысты қолдау қажет деп санаймын", - деді Путин өз үндеуінде.
Ол әскери-теңіз күштері мен қару-жарақ өндірісін ұлғайтуды тапсырды.
"Батыс елдері Киевті Ресей аумағына соғыс қимылдарын өткізуге итермелеп жатыр, ядролық қоқан-лоқы басталды, бізге жаппай қырып-жою қаруымен қауіп төнді. Ресейдің аумақтық тұтастығына қауіп төнген кезде біз барлық әдісті, соның ішінде ядролық қаруды қолданамыз", - дейді РФ басшысы.
@massaget.kz #ресей#россия#казахстан#қазақстан#путин#мобилизация#новости#жаңалық#рек#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!