Путин, Трамп және Си Цзиньпин бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен үшжақты кездесу қорытындысы бойынша бейбітшілік туралы декларация қабылдады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Декларацияда тараптар БҰҰ-ны реформалауға ықпал етуге ниетті екені айтылған. Мұндағы мақсат — ұйымның "жаһандық сын-қатерлерге тиімдірек жауап беріп, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі миссиясына сай әрекет етуіне" мүмкіндік жасау.

Ресей, АҚШ және Қытай мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі мен жеткізілімін арттыруды жоспарлап отыр. Құжатта энергия ресурстарын тұрақты жеткізудің маңызы да атап өтілген. 

Кездесуге қатысушылар ядролық қауіптерді азайту және ядролық қарудың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша диалог жүргізуге дайын екенін де білдірді.

Үш президент "Ресми өкілдердің иммунитетіне қол сұғылмауы керек" деп санайды. Олар "Халықаралық қылмыстық сот өз өкілетін асыра пайдаланбауы керек" дейді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!