Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Санкт-Петербургке шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екі елдің президенттері шағын құрамдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша баспасөзге мәлімдеме жасады. Кездесу барысында Путин Тоқаевты Ресейге шақырды.
"Қазақстан Президентін желтоқсан айында Санкт-Петербургке Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына келуге, сондай-ақ ЕАЭО мен ТМД көшбасшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысуға шақырдым", - деді Владимир Путин.
Ол сондай-ақ келесі жолы президенттер Минскіде қараша айының соңында ҰҚШҰ саммитінде кездесетінін еске салды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!