Әзілкеш, стендап комик Нұрлан Сабуров Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірмегені үшін сынап тастаған хейтерлеріне жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оқиға әзілкеш жасаған турлардың бірінде болған. Сабуров сахнада тұрып, хейтерлеріне жауап берді.
"Ал, орыстар. Алдарыңызда русофобия құрбаны. Маған жазса жарайды. Олар менің анама да жазған. Хабарласып, қоқан-лоқы көрсеткен. "Біз сені тауып аламыз" дейді. (...) Менің сөзім қалайша бір нәрсе шеше алады? БҰҰ төрағасы, Макрон, Борис Джонсон Борис болса да ештеңе шеше алмады. Бәрі ойын айтты. Бәрі құрып кетсін. Бірақ Нұреке ше? Адамдар Путин "аузыңды жап, жап" деп айта салатын Тамби емес екенін түсінбейді", - дейді Нұрлан.
@nikitalepilov #сабуров #Сабуров #сабуровстендап ♬ оригинальный звук - Nikita Lepilov
Еске салайық, мамырда Нұрлан Сабуровты АҚШ-тағы турлардың бірінде көрермендер әзілкеш Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірмегені үшін сынап тастаған болатын. Артынша Сабуровтың Қазақстанда өтуі тиіс турлары белгісіз себептерге байланысты кейінге қалған.