Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизация аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды lenta.ru.
"Ол аяқталды, нүкте қойылды", - деді президент Сочиде Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен үшжақты кездесуде.
Ресей басшысы ішінара мобилизацияға алынған 260 мың адам соғыс қимылдарына қатыспайтынын, бірақ дайындықтан өтетінін айтты.
Путин бұл туралы арнайы Жарлық шығару қажеттігіне сенімді емес екенін атап өтті.
"Шынымды айтсам, бұл туралы ойламадым. Мен заңгерлермен келісіп, оның аяқталғанын жарлықпен жариялау керек пе, жоқ па, соны айтамын", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!