Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің болашағы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастың болашағы қандай?" – деп сұрақ қойды "ҚазАқпарат" агенттігінің басшысы Асқар Жалдинов.
"Өте жақсы, басқаша айта да алмаймыз. Біз өте жақын, одақтас, стратегиялық қарым-қатынастамыз. Бұл сауда-экономикалық байланыстарға да қатысты, олар сенімді түрде өсіп келеді. Жыл сайынғы айналым деңгейі де осыны көрсетіп тұр. Біздің өзара қарым-қатынасымыздың көптеген бағыты бар. Мен бәрін тізбектеп айтып та бітпеймін. Бұған энергетика, өнеркәсіптік ынтымақтастық және ғарыш саласы да кіреді. Біздің ортақ шекарамыз үлкен. Адамдар да бір-бірімен араласады", - деді Путин Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесуі барысында.
Ресей президенті Ресейдің 76 субъектісі Қазақстан аумақтарымен байланысты екенін түсіндірді.
"Шынымды айтсам, дау тудыратын және біздің қарым-қатынасымызды қиындататын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын", - деп түсіндірді Ресей президенті.