- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Путин оппозиционер Навальныйдың...
Путин оппозиционер Навальныйдың өліміне қатысты пікір білдірді
Ресей президенті Владимир Путин Алексей Навальныйдың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Навальный мырзаға қатысты. Иә, ол қайтыс болды. Бұл - қайғылы оқиға. Темір торда отырған адамдар басқа жағдайда да қайтыс болған", - деді Путин.
Сондай-ақ, Ресей президенті Навальныйды Батыстағы тұтқындардың біріне айырбастауға келіскенін айтты.
"Навальныйды Батыс елдерінде жүргендерге айырбастау идеясы болды, мен келістім, біз оны қайтып келмеуі үшін айырбастағымыз келді, бірақ солай болады, өмір ғой", - деді ол.
Еске салайық, 16 ақпанда ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жазасын өтеп жатқан түзеу колониясында қайтыс болды. Өткен тамызда ол 19 жылға сотталған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек