Путин мен Трамптың кездесуі жеделдетіліп жатыр

Путин мен Трамптың кездесуі жеделдетіліп жатыр
Фото: Ria.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі жедел түрде дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

"Қоғам алдында ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ. Алайда жеке әңгімелерде Трамп пен Путин саммиті талқыланып, оның дайындығы жеделдетіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Бүгін Трамп Украинаға көмекті тоқтату мәселесі бойынша жиналыс өткізеді, деп жазады New York Times дереккөздерге сілтеме жасап.

Жиналысқа Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Қорғаныс министрі Пит Хегсет қатысады. Мақсаты – "Украинаға қатысты саясаттың бірнеше нұсқаларын қарастырып, мүмкін шаралар қабылдау".

Мәскеуде Украина президенті Владимир Зеленскийдің Трамп және оның командасымен қақтығысқа түсуіне байланысты Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі күрделі келіссөздер екінші орынға шығып, қазірдің өзінде жабық есік жағдайында талқыланып жатқан Ресей мен АҚШ арасындағы экономикалық келісімдерге жол ашылады деген оптимизм артып келеді.

"Бір ай бұрын Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) АҚШ пен Ресей арасындағы ерекше келіссөздердің бірінші кезеңі өтті, онда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров талқылаулар жүргізді, бұл ретте Украина іс жүзінде процестен шығарылды. Қазіргі уақытта келіссөздердің екінші кезеңіне дайындық жүргізілуде, ол жақын арада, мүмкін, тағы да Парсы шығанағы елдерінің бірінде өтуі мүмкін", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін не болды?

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге 28 ақпанда АҚШ-қа Украинаның табиғи ресурстарына құқық беретін келісімге қол қою үшін келетінін мәлімдеді. 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа ресми сапармен барды. Оның ұшағы Joint Base Andrews әуе базасына қонды.

Алайда 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамппен және АҚШ вице-президенті Дж.Д. Вэнспен жанжалдан кейін Ақ үйден шұғыл кетті.

Трамп Украина басшысы АҚШ-ты құрметтемейтінін және бейбітшілікке дайын емес екенін мәлімдеді. Кейін көптеген еуропалық көшбасшы, сондай-ақ, ЕО басшылары Зеленский мен Украинаны ашық қолдады.

Зеленский Трамппен жанжалдан кейін алғашқы мәлімдемесін жасады. Жариялы қақтығыстан кейін Зеленский Ақ үйден мерзімінен бұрын кетті. Тараптар пайдалы қазбалар туралы келісімге қол қойған жоқ. Еуропалық көшбасшылар Владимир Зеленский мен Украинаға қолдау білдірді. Трамп әкімшілігі Украина президенті Владимир Зеленскийдің көпшілік алдында кешірім сұрағанын күтетінін жариялады. 

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget