РФ басшысы Владимир Путин Ресейдің жаңа аумақтарына әскери жағдай енгізді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылым мәліметінше, Путин ДХР және ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарында әскери жағдай жасалуы керегін айтқан.
Еске салайық, 30 қыркүйекте Владимир Путин Кремль Донецк және Луганск халық республикаларын, сондай-ақ, Запорожье және Херсон облыстарын Ресейге қосу туралы келісімдерге қол қойған болатын. Келісімдерге қол қою рәсіміне президент Владимир Путин қатысты, жиын Кремльдің Георгиевский залында өтті. Оған парламент өкілдері қатысты.
Салтанатты жиынға төрт аймақтың да басшылары қатысты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!