Ресей президенті Владимир Путин Украина билігі террористік әрекеттерін тоқтатпаса, Ресей тарабы қатаң жауап беретінін мәлімдеді. Ол бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Путин Қырым көпіріндегі жарылысты Киев билігі ұйымдастырды деп айыптады.
"Сот-медициналық сараптамалар мен жедел ақпараттың мәліметтері 8 қазандағы жарылыстың террористік әрекет екенін көрсетеді. Теракт Ресейдің азаматтық маңызы бар инфрақұрылымын жоюға бағытталған. Сондай-ақ, Украинаның арнайы қызметтері терактыны арнайы ұйымдастырғаны анық", - деді Путин.
Еске салайық, бұған дейін Қырым көпірінде болған жарылыстың себебі мен салдарына шолу жасаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!