Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қазанның ортасында Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кеше, 1 қыркүйекте РФ басшысы Владимир Путин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескен болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Қазақстан астанасында өтетін "Орталық Азия - Ресей" мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!