Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей президенті Владимир Путин 27 қарашада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордада ҚР премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров келіссөздер жүргізіп жатыр. Тараптар өзекті халықаралық мәселелерді талқылап, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ бойынша өзара іс-қимыл туралы пікір алмасады.
Қазақстан БРИКС-ке серіктес ел ретінде қосылуға шақырту алды. Бұл туралы Ресей СІМ басшысы мәлім етті.
Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің 27 қарашада Уфа қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына онлайн қатысатыны жөнінде хабарлады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!