- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Путин II Елизаветаның...
Путин II Елизаветаның жерлеу рәсіміне шақырылмады - БАҚ
Ұлыбритания II Елизаветаның мемлекеттік жерлеу рәсіміне Ресей, Беларусь және Мьянма өкілдерін шақырмады, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы.
Ұлыбританиялық БАҚ мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путин, сондай-ақ, Кремльдің басқа өкілдері II Елизаветамен қоштасу рәсіміне қатыспайды, өйткені Ресей монархты жерлеу рәсіміне шақырылмаған.
Ұлыбритания үкіметінің дереккөздері бұл қадам Лондонның Украинадағы қақтығысқа байланысты Ресей мен оның одақтасы Беларусьті оқшаулау ниетінен туындаған деп санайды.
Басылым мәліметінше, Владимир Путиннің өзі II Елизаветаның жерлеу рәсіміне қатысуды жоспарламаған. Оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков аза тұту шараларына ресейлік өкілдердің қатысуы туралы сұраққа жауап беріп, "жерлеуге біреудің қатысуы қаралады дегенге" күмән келтірді.
Путин патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан еді. Сонымен қатар, патшайымның жерлеу рәсіміне Мьянма өкілдері шақырылмаған. Бұл ел де Ұлыбритания санкциясына ұшыраған.
Лондон марқұм монархпен қоштасу рәсіміне әлемнің көптеген елінен 500-ден аса өкілді ресми шақырған. Олар - мемлекет басшылары, олардың әрқайсына бір ресми өкіл ілесіп жүреді.
19 қыркүйекте жерлеу рәсіміне АҚШ көшбасшысы Джо Байден, Еуропа Одағының ұжымдық органдарының басшылығы және еуропалық мемлекеттердің басшылары келеді деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова