Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елорда әуежайында Ресей басшысын Премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 6-саммиті өтеді. Бұл халықаралық форумға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті мен Қытай вице-президенті қатысады. Саммит барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен ұйымның негізгі басымдықтарын талқылау жоспарланып отыр.
@massaget.kz #путин#астана#қазақстан#түркия#ресей#тоқаев#рек#саясат#политика#хочуврек#турция#россия ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!