Путин Астанаға келмекші

Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатынын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ресей басшысы Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесуде "ҚазАқпарат" агенттігінің басшысы Асқар Жалдиновтың сауалына жауап берген кезде айтты.

"Біз жақында Астанаға барамыз, ШЫҰ және басқа да іс-шаралар болады. Мені шақырды және, әрине, мен пайдаланамын", - деді Владимир Путин.

Ақорданың хабарлауынша, биылғы 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.

Шараға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз