Владимир Путин 2024 жылы өтетін Ресей президентін сайлауға қатысатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Бұл туралы президент Кремльдегі салтанатты шарадан кейін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің орталық сайлау комиссиясы сайлау болатын күндерді бекіткен еді.
Ресейде алғаш рет президентті сайлау үш күнге созылады, дауыс беру наурыздың 15-і мен 17-сі аралығында өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз