Пусан әуежайында ұшақ ұшуға бірнеше минут қалғанда өртеніп кетті

Пусан әуежайында ұшақ ұшуға бірнеше минут қалғанда өртеніп кетті

Оңтүстік Кореяның Пусан әуежайында Гонконгқа ұшуға дайындалып жатқан Air Busan ұшағы өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Yonhap-қа сілтеме жасап.

Ұшақ бортында 176 адам болған. Барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшелері үрлемелі баспалдақтармен уақытында эвакуацияланды. Өртсөндірушілердің хабарлауынша, эвакуация кезінде үш адам жеңіл жарақат алған.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт ұшуға бірнеше минут қалғанда ұшақтың артқы жағында басталып, оның фюзеляжына тез таралды. Борт толығымен жанып кетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!