- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- әуе тасымалы
Пусан әуежайында ұшақ ұшуға бірнеше минут қалғанда өртеніп кетті

Фото: Yonhap
Оңтүстік Кореяның Пусан әуежайында Гонконгқа ұшуға дайындалып жатқан Air Busan ұшағы өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Yonhap-қа сілтеме жасап.
Ұшақ бортында 176 адам болған. Барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшелері үрлемелі баспалдақтармен уақытында эвакуацияланды. Өртсөндірушілердің хабарлауынша, эвакуация кезінде үш адам жеңіл жарақат алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт ұшуға бірнеше минут қалғанда ұшақтың артқы жағында басталып, оның фюзеляжына тез таралды. Борт толығымен жанып кетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова