“Пультпен ұрған“. Петропавлда 52 жастағы тұрғынның өліміне қатысты іс тергеліп жатыр

Петропавлда 52 жастағы тұрғынның өліміне қатысты іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

СҚО Полиция департаменті мәліметінше, Петропавл қаласының 52 жастағы тұрғынының өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Оқиға 7 ақпанда қаланың жеке үйлерінің бірінде болған. Мән-жайы тергеу барысында анықталып жатыр. Күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде "әйел ер адамды пультпен ұрғаны" жазылды. Алайда полиция мән-жайды нақтыламады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!