"Пари Сен-Жермен" басшылығы Килиан Мбаппені алмастыратын ойыншы тапқан сияқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Мбаппе жазғы трансферлік кезеңде командадан кетуі мүмкін. Sports Zone мәліметінше, париждіктер "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Маркус Рашфордқа көз тігіп отыр екен. Бастапқыда парижік клуб басшылығы Рафаэль Леауды қарастырған еді, алайда ол "Миланмен" келісімшартын ұзартты.
Рашфордтің өзі "Юнайтедпен" келісімшартын ұзартқысы келеді, дегенмен ПСЖ қызығушылығы көңіліне жағып қалған көрінеді. Ол былтыр париждік клубқа өтуге тырысқан да екен.
Өткен маусымда 25 жастағы Рашфорд "МЮ" үшін барлық турнирде 56 матчте қатысып, 30 гол салып, 11 ассист жасапты.
Еске салайық, бұған дейін Мбаппе "Реалға" ауысатын уақыт белгілі болған еді. Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе мансабын Мадридтің "Реал" клубында жалғастырады.
"Килиан Мбаппе мен ПСЖ арасындағы байланыс тәмам! Шабуылшы осы жазда Мадридтің "Реал" клубына ауысады. Эмир мен Флорентино Перес 250 миллион еуро көлемінде (қосымша 50 миллион еуро сыйақымен) трансфер жайлы келісімге келді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!