Психотроптық заттарды заңсыз сақтаған алматылық 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденгені және сақтады деп айыпталған П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1,3 тармағы).
2023 жылдың қазан айында, П. тұрақты табыс көзі болмағандықтан, жеңіл түрде пайда табу үшін, адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен Телеграм канал арқылы 12,04 грамм мөлшерінде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденген, кейіннен өзі айдап жүрген автокөлікте сақтаған.
Сол күні патрульдеу барысында полиция қызметкерлерімен П.-ның басқаруындағы автокөлігі тоқтатылған. Тінту нәтижесінде автокөліктен 25 дана психотроптық заттар тәркіленген.
Сотталушы тағылған айыптың кінәсін мойындамады. Прокурор сотталушыға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Алқабилердің қатысуымен шығарылған соттың үкіміне сәйкес, П.-ның адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденгендігі және сақтағаны дәлелденді.
Сотталушының жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай анықталмады.
Жеңілдететін мән-жай ретінде оның жасы (19 жас) танылды. Сотталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!