- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Психотропты заттарды заңсыз...
Психотропты заттарды заңсыз сатқандардың ісін тікелей эфирден көрсету керек - Жоғарғы сот
Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина елімізде синтетикалық есірткі, психотропты заттарды сатқандардың ісін тікелей эфирден көрсетуді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"...Мен психотропты заттарды заңсыз сату дерегі бойынша істерді тікелей эфирден көрсету керек деп ойлаймын. Бұл қоғамдағы өзекті мәселенің бірі екенін білесіздер. Өкінішке қарай, көптеген жас осындай қылмыстықтарды жасап жатыр. Сондықтан қылмыстарды азайту үшін тәрбие мақсатында осындай процесті көрсету керек", - деді Назгүл Рахметуллина Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Еске салайық, бұған дейін ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі тікелей эфирден көрсетілген еді. Оған әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылды. Сотта бұрынғы министрдің кінәсі дәлелденіп, ол 24 жылға сотталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен