- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Психотерапевт жаңа жылдың...
Психотерапевт жаңа жылдың алғашқы күндерін қалай қарсы алу керегін айтты
Дәрігер-психотерапевт Татьяна Потапова жаңа жылды қалай тойлап, алғашқы күнді қалай дұрыс қарсы алу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Жаңа жыл мерекесін әркім әртүрлі тойлайды. Біреулер жаңа жылдық демалыс күндерін тойлап, алкоголь ішумен өткізсе, енді бірі денсаулығына пайдалы болу үшін түрлі демалыс орындарына баруды жөн көреді.
Маманның айтуынша, негізінен алкогольден аулақ болған дұрыс. Дегенмен бұл әрдайым қолдан келе бермейді. Сондықтан мерекелерде жеңіл шарап ішуге рұқсат етіледі, бірақ егер адамның алкогольге тәуелділігі болса, мүлде ішуге болмайды.
Сонымен қатар, жаңа жылдық отырыстарда майлы тағамдар көп болады, бірақ бұл жағдайда майлы тағамның бір пайдасы бар, бұл алкогольдің қанға сіңуіне жол бермеуі.
"Алайда панкреатит, гастрит, асқазан жарасы сияқты асқазан-ішек аурулары бар адамдар майлы тағамдар мен газдалған сусындарды көп мөлшерде ішуге болмайтынын есте ұстағаны жөн", - деді дәрігер.
Жаңа жылдың алғашқы күні таңертең оянғаннан кейін душ қабылдап, лимон қосылған шөп шайын ішкен жөн. Бұл сіздің жағдайыңызды жақсартып, мас күйден арылуға көмектеседі.
Бұдан бөлек, жеңіл физикалық жаттығулармен айналысу, достарыңыз немесе балалармен бірге серуендеген де дұрыс.
"Ал тойлауды жалғастырып, "бас жазу" үшін алкоголь іше беру жағдайыңызды одан әрі нашарлатады", - дейді Татьяна Потапова.
Айта кетейік, бұған дейін нутрициолог жаңа жылдық салаттарды қанша уақыт сақтауға болатынын айтқан еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тауар 1386 мың теңгеге сатылғанда 10% пайда алынды. Тауардың өзіндік құны қандай?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә