Психотерапевт Жаңа жылды жалғыз қарсы алатындарға кеңес берді

Психотерапевт Жаңа жылды жалғыз қарсы алатындарға кеңес берді
Фото: depositphotos.com

Психотерапевт дәрігер Ирина Крашкина адам Жаңа жылды жалғыз қарсы алатындарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИАМО басылымына сілтеме жасап. 

"Егер Жаңа жылды жалғыз өзіңіз қарсы алсаңыз, бұл әбестік емес. Керісінше, сіз мерекені туыстардың, достардың немесе жаңажылдық "сценаристерімен" емес, өзіңіз қалағандай өткізгіңіз келеді, өз қалауыңызды орындайсыз деген сөз", - деді Крашкина.

Ең алдымен маман мерекені өзіңізге ең қолайлы жағдайды өткізуді ұсынды. Оның айтуынша, басқа қалаға барып қайтуға, сәнденіп мейрамханаға баруға, үйде дәмді кешкі ас дайындауға немесе жай ғана жақсылап ұйықтап алуға болады.

Сондай-ақ, маман жылға "ревизия" жасап, қандай маңызды оқиғалар болғанын, мақсаттарға жетуге не кедергі келтіргенін және келесі жылды қалай жақсы етуге болатынын ой елегінен өткізуді кеңес етті.

Ол Жаңа жыл түні әлеуметтік желідегі фото мен видеоларды қарамауға шақырды. Крашкина мұның себебін былай түсіндірді:

"Бақытты өмір" суреттерін жариялайтын адамдар да шын мәнінде қиындыққа тап болып, өзін жалғыз сезінуі мүмкін. "Ең дұрыс шешім - телефонды өшіріп қою", - деп нақтылады маман.

Крашкина мазасыздықты азайтудың тағы бірнеше жолы барын қоса айтты. Бұған күнделікті үйреншікті істер, кез келген қол еңбегі (мысалы, ас әзірлеу, үй жинау немесе сурет салу), сондай-ақ басқа адамдармен қарым-қатынас көмектеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget