Психотерапевт антистресс-ойыншықтардың пайдасын бағалады

Стреске қарсы ойыншықтар бұлшықет кернеуін жеңілдетуге және ашуды басуға көмектеседі, бұған заттың түсі мен оны қолданудың тактилдік сезімдері ықпал етеді. Бұл туралы отбасылық психотерапевт Наталья Наумова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24-ке" сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әдетте ойыншықтар жағымды түске боялады. Мәселен, жасыл реңк тыныштандырады, сары - жігерлендіреді, қызғылт сары - қуат, күш пен сенімділік береді.

"Бұл ойыншықтың сыртқы түрі тартымды, оны ұстаған қызық көрінеді. Мысалы, егер оған салмақ түсірген кезде, ол ішке қарай кіріп кетсе, адам күлімсіреуі мүмкін. Жағымды тактилдік сезім көбінесе бұлшықет кернеуін жеңілдетуге және жағымсыз ойлардан аздап алшақтатуға мүмкіндік береді", - деп қосты дәрігер.

Сонымен қатар адам ойыншықты мыжу арқылы бойындағы ашу-ызаны шығарады.

Еске салайық, бұған дейін психолог бала зиянды әдеттерге не үшін баратынын айтқан болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!