Танымал актер, тележүргізуші Ғани Ажикенов "Жаңа түнгі студия" бағдарламасына берген сұхбатында "Орел и Решка" бағдарламасының жүргізушісі болуға іріктеуден қалай өткенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бағдарламаға жүргізуші болуды жобаның менеджерлері ұсынған.
"Бұл бағдарламаның жүргізушісі болу маған бұйырып тұр екен. "Алла беремін десе, "форточкадан" береді" деп жатады ғой. Мен негізі өзімнің жеке жобамды іске асыруды жоспарлап жүргенмін. Оған дайындалып, арнайы Еуропаның Аустрия мемлекетіне барып оқып келдім. Сөйтіп, "Орел и Решка" бағдарламасының менеджерлері менің менеджеріме қоңырау шалған. Менің менеджерім оларға менің нөмірімді бермей, алдымен қандай жұмыс екенін айтуын сұарп, бір қызық болған. Кейін маған Құралай өзі қоңырау шалып, мені бағдарламаның жүргізушісі ретінде қарастырып жатқанын айтып, ойымды сұрады. Мен жақсы көзқараста екенімді, бірақ өз тіргілім, жобам бар екенін айттым. Өйткені екеуі тұспа-тұс келіп қалды, оның үстіне мен өз жобама жарты жылдан бері дайындалып жүрмін ғой. Сосын мен Құралайға "психологыма хабарласайын" дедім. Психологыма қоңырау шалып, "маған осындай ұсыныс түсіп тұр, қалай, не істейін?" деп сұрадым. Негізі бұл үлкен жоба ғой, бала кезден көретін, арман жоба. Бірнеше секіндқа өзімнің жүргізуші болып жүргенімді елестетіп көрдім де, "қалай мен мұндай бағдарламаның жүргізушісі боламын?" дедім. Психолог "егер жаның қалап тұрса, бара бер" деді. Оның алдында көзімді жұмып, жаттығу жасап алдым. Сөйтіп мен кейін қазіргідей жас болмаймын, бұйырған кетпейді, ақша табылады деп ойладым", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!