Психологтар “шағымға бейім“ адамдарға кеңес берді

Психологтар “шағымға бейім“ адамдарға кеңес берді
Фото: depositphotos.com

Психолог Керри Кэннити мен психотерапевт Сара Клоуз үнемі шағымдана беруді тоқтатудың тиімді жолдарын атады. Олар өз кеңестерін Real Simple басылымына айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кэннитидің айтуынша, шағымданудың пайдасы да болуы мүмкін. Егер адам сол арқылы ішіндегі жағымсыз эмоциясын шығарып, сезімі туралы айтып, мәселені шешуге қадам жасаса, бұл қалыпты құбылыс. Алайда мұндай әрекет әдетке айналса, ағзадағы стресс гормоны – кортизол деңгейінің жалпы өсуіне әкелуі мүмкін.

Үнемі шағымдануды азайту үшін психолог жағымсыз сезімді іште сақтамай, бірақ жақсы көңіл күйді де жоғалтпауға кеңес береді. Бұл үшін шағым айтқанда "және" немесе "бірақ" деген жалғаулықтарды қолдануға болады. Осылайша адам тек жағымсыз ойға байланып қалмайды.

Мысал ретінде Кэннити мынадай сөйлемді келтірді: "Бүгін қатты шаршадым, өйткені түнімен ұйықтай алмадым, бірақ соған қарамастан кешкі қонаққа баруды асыға күтіп жүрмін".

Ал Сара Клоуз жай ғана шағымдану үшін шағымданбауға кеңес берді.

Ол өзіңізге мынадай сұрақ қойып көруді ұсынады: "Шағымымды айтқаннан кейін мені жақсырақ түсінгендей болды ма, әлде қайтадан көңілім түсіп, сол бір тұйық шеңберге түсіп кеттім бе?".

"Адам өз сезіміне мұқият болса, ағза көбіне жағымсыз жағдайды еңсере алды ма, әлде әлі де сол күйзелістің ішінде қалып қойды ма – соны аңғартып тұрады", – деп түсіндірді психотерапевт.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget