Emotion журналында жарияланған Калифорния университеті (АҚШ) ғалымдарының зерттеу нәтижесіне сәйкес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зерттеушілер бір жарым мыңнан астам адамнан сұхбат алды. Қатысушылар өздерінің табыс деңгейі туралы есеп берді, сонымен қатар оларға қуанышты таңғалу, тәнті болу, жанашырлық, қанағаттану, шабыттандыру, сүйіспеншілік және өзін-өзі бағалау секілді эмоцияларды сезінуге бейімділігін бағалау үшін бірқатар сұрақ қойылды. Мысалы, бір дүниеге ортақтасуға бейімділікті бағалау үшін қатысушылар: "Мен басқаларға қамқорлық жасасам, ішімде жылы сезім пайда болады" деген тұжырымдармен келісу дәрежесін бағалауы керек еді.
Нәтижесінде, табысы жоғары адамдар өздеріне бағытталған күшті эмоцияларды сезінеді, яғни өздеріне қанағаттану, өзін-өзі құрметтеу, тәнті болу. Ал табысы төмен адамдарда бір дүниеге ортақтасу мен махаббат сияқты басқа адамдарға бағытталған эмоциялар басым болады.
Сондай-ақ бай қатысушылардан гөрі кедей қатысушылар қоршаған әлемнің сұлулығына деген қуаныш пен құрмет сезімін сезінеді.
"Біз алған деректер байлық пен бақыт арасында теңдік белгісін қоюға болмайтынын көрсетеді. Бақыттың түрлері қаржылық әл-ауқаттың әртүрлі деңгейімен байланысты. Бай адамдар өздерінің жетістіктері мен мәртебесінде позитивтің қайнар көзін табады, бұл олардың тәуелсіздігі мен өзін-өзі қамтамасыз етуіне негізделген. Ал төмен табыстыларға басқа адамдармен қарым-қатынас өмірдегі қиындықтарды жеңуге көмектеседі", - деп түсіндірді зерттеу авторларының бірі Пол Пифф (Paul Piff).
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз