- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Психологпен жұмыс істеп,...
"Психологпен жұмыс істеп, салмақ тастады" - Елдос "Колобоктың" әйелі Таңшолпан Шотаева
Асаба, әзілкеш Колобок лақап атымен танылған Елдос Кәдірхановтың әйелі Таңшолпан Шотаева "Әсембике" бағдарламасына берген сұхбатында психолог көмегіне жүгінгендерін жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер Таңшолпан Шотаева Елдос Кәдірханов психологпен жұмыс істегенін айтты.
"Елдос психологпен жұмыс істеді. Ол кәдімгідей жақсы жағына өзгерді. Өзінің блоктарын шешті. Бала кезінде алған зақымдары шықты. Ол арықтауына да себеп болды. Бұрын Елдос диета жайлы айтса, біз күлетінбіз. Үш күн диета ұстаса, төртінші күні жеп қоятын. Біақ психологқа барғалы өзін қолға алып, "соңына дейін барамын" деп өзінің ойлаған салмағына дейін жетті.
Мен өте риза болдым және қолдадым. Уақытылы жаттығу залына барады. Киімдерін дайындап беріп, 100 грамм тастаса да, қандай күшті деп оны суретке түсіріп, барынша қолдау көрсеттім. Мотивация бердім. Арықтағаннан кейін әрі қарай емделемін деген ниеті бар. Бұйырса, емді қолға аламыз", - дейді Таңшолпан Шотаева.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова